Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 08.12.2023 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, VII сайланымның Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы (бұдан әрі – Қағида):
3-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
12-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне:
1) мәртебеcі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4 бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 500 мың теңге;
2) мәртебеcі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 5, 6-баптарымен белгіленген, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 100 мың теңге;
3) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 100 мың теңге;
4) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 100 мың теңге;
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар – 150 мың теңге.";
12-1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
Мереке күндеріне әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай төлем түрінде осы Қағидалардың 21-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген азаматтарға тұрғын үй алу үшін 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде көрсетіледі:
1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;
4) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
5) 6 шілде – Астана күні;
6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
7) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
"Әлеуметтік көмек алушының "Отбасы банк" акционерлік қоғамында ашылған банк шотына аударылады.";
18-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) мәртебеcі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;";
19-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;";
21-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"21. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына:
1) табиғи апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын адамдар;
3) мәртебеcі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
4) мәртебеcі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 5, 6-баптарымен белгіленген, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi;
6) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына);
7) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар;
8) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлер;
9) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
10) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектер;
11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар;
12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын аз қамтылған азаматтар (отбасылар);
13) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;
14) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебiнде тұрған көп балалы отбасылар;
15) Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын көп балалы отбасылардан шыққан студенттер;
16) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
17) мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасылар;
18) құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасылар;
19) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтар;
20) Алматы қаласының ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ-инфекциясын жұқтырған балалар;
21) емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған балалардың ата-аналары (заңды өкілі);
22) мүгедек балалар және мынадай медициналық көрсетілімдерді ескере отырып (жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерді қоспағанда), жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер:
- толық соқырлық;
- түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі;
- елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы;
- елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
- паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);
- елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;
- гемиплегия, триплегия, параплегия;
- елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (III кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, IV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және III кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған III дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі);
- елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
- буын функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;
- қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;
- қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;
- екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;
- протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;
- жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;
- қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;
- қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары.";
22-1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"22-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмек алушылар тізімдерін қалыптастыру тәртібі "Отбасы банк" акционерлік қоғамы мен Алматы қаласының әкімдігі арасындағы келісіммен айқындалады.";
23-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"23. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан тіркелген тұрғылықты жері бойынша аудандық бөлімге өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты;
4) осы Қағиданың 21-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген тұлғалар транскрипті "өте жақсы" деген бағаға сәйкес бағалар баламасын ұсынады.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.";
24-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"24. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші әлеуметтік көмек тағайындау туралы жеке өтініш жасай алмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.";
38-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"38. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек) заттай нысанда (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторий-курорттық мекемелерге жолдама) немесе ақшалай түрде (Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделу үшін кеткен шығынды тиісті қаржы жылына бюджеттік есепті жасау барысында бекітілген жолдаманың құны мөлшерінде өтеу) мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін;
2) мәртебесі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 7-бабымен мәртебесі белгіленген еңбек ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
3) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
4) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарындың кәмелетке толмаған тұтқындарына – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
6) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
7) зейнет жасына толған басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;
8) жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге – ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алына отырып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерін төлей отырып";
9) мүгедек балаларды санаторий-курорттық ем ұсынатын мекемеде болған кезінде алып жүретін адамдарға, бірақ бір алып жүретін адамнан артық емес – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, Қазақстан Республикасының ішінде санаторлий-курорттық емдеудің шығындарын өтеу түрінде емдеу рәсімдерін ескермей тұру және тамақтануын төлей отырып.
Мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделу Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес көрсетіледі.";
39-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"39. Заттай нысандағы санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші аудандық бөлімге өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 068/у нысанындағы санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін анықтама, осы Қағиданың 38-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда;
3) осы Қағиданың 38-тармағының 1), 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 9-бабымен көрсетілген құжатты;
4) осы Қағиданың 38-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар, зейнетақы мөлшері туралы құжат;
5) осы Қағиданың 38-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар, адамның (отбасы мүшелері) табысы туралы мәліметтер;
6) осы Қағиданың 38-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдар: ата-анасы – туу туралы куәлік, заңды өкілдері – қорғаншылықты белгілейтін құжат, үшінші бір адам – ата-анасынан (ата-аналарынан) немесе заңды өкілінен алып жүруіне нотариатта куәландырылған сенімхат және уәкілетті органмен берілген балаға мекемеге жолдама көшірмесін ұсынады.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Өтінішті қабылдаған аудандық бөлім маманы құжаттар пакетінің толықтығын тексереді.
Құжаттар пакеті толық болған жағдайда аудандық бөлім құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияға жібереді.
Учаскелік комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
осы Қағиданың 38-тармағының 1), 2) 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді;
осы Қағиданың 38-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін тексеру жүргізеді, оның қорытындысы бойынша материалдық жағдайы туралы акті жасап, осы Қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді.
Аудандық бөлім санаторий-курорттық емделуді көрсетуге құжаттарды ресімдеу немесе ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және өтінішті қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш берушіге санаторий-курорттық емделуді көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны немесе Учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде дәлелді бас тарту шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде еркін нысанда жолдайды.
Аудандық бөлім санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берген адамдардың тізімін жасайды және құжаттарды уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган аудандық бөлімдерден қабылданған құжаттар негізінде келіп кіру кестесіне сәйкес осы Қағидалардың 4-қосымшасындағы нысан бойынша өтініш берушілерге жолдама беру журналына (бұдан әрі – Журнал) қол қойдырып, әрі қарай өтініш берушіге жолдаманы беру үшін жолдаманы аудандық бөлімге береді.
Санаторий-курорттық жолдаманы белгілі бір себептер (қайтыс болу, дертке шалдығу және уәкілетті орган орынды деп таныған басқа да себептер) бойынша пайдаланбаған жағдайда ол уәкілетті органға қайтарылуы және кезек тәртібіне сәйкес басқа адамға берілуі тиіс.
Қайтарылған санаторий-курорттық жолдамалар Журналда тіркеледі.
Санаторий-курорттық жолдаманы орынды себептер бойынша пайдаланбаған кезде берілген санаторий-курорттық жолдама мүмкіндігінше кіру кестесіне сәйкес басқа мерзімдегі санаторий-курорттық жолдамаға алмастырылады, бірақ алмастыруға жататын санаторий-курорттық жолдамада көрсетілген кіру уақытына дейін үш күннен кешіктірілмейді.";
40-тармақтың бесінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Учаскелік комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
осы Қағиданың 38-тармағының 1), 2) 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адамның санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді;
осы Қағиданың 38-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін тексеру жүргізеді, оның қорытындысы бойынша материалдық жағдайы туралы акті жасап, осы Қағиданың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша адамның (отбасының) санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оны аудандық бөлімге жібереді.";
Қағиданың 1-қосымшасы алынып тасталсын;
Қағиданың 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Ә. Жүдебаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс IV сессиясының төрағасы, |
|
мәслихат хатшысы | С. Канкуров |
Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының)
мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20 ____ жылғы "____" ________________
_______________________________________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________
_____________________________________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы ___________________________________________________
_____________________________________________________________________________
3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:
Р/с | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірдегі қиын жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет) _______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ___________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
Отбасының табысы:
Р/с | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________________________________
_____________________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _______________________________________
_____________________________________________________________________________.
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): _______________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): ______________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________.
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:
_____________________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: _______________
_____________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ______________________________________________________
______________________________________________________________________________
Комиссия мүшелері: ______________________________________________________
______________________________________________________________________________
__________________________ ___________________________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)
Жасалған актімен таныстым: _______________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
______________________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартқан ___________________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні __________________
______________________