Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып облыстық ономастикалық комиссияның 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Антоновка ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антонов ауылдық округі Антоновка ауылының:
Советский көшесі - Абай көшесі;
Калинин көшесі - Шоқан Уәлиханов көшесі;
Ленин көшесі - Ақан сері көшесіне;
Совхозная көшесі - Шалқар көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д. Амрин |