Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антоновка ауылдық округінің Антоновка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 сәуірде № 7336 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып облыстық ономастикалық комиссияның 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Антоновка ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антонов ауылдық округі Антоновка ауылының:

      Советский көшесі - Абай көшесі;

      Калинин көшесі - Шоқан Уәлиханов көшесі;

      Ленин көшесі - Ақан сері көшесіне;

      Совхозная көшесі - Шалқар көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Амрин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады