Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Кирилловка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Украин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданының Украин ауылдық округі Кирилловка ауылындағы Ленин көшесінің атауы Абай көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Украин ауылдық округінің әкімі | Ж. Мукашев |