Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Кирилловка ауылындағы Ленин көшесін Абай көшесі деп қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Украин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 12 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 сәуірде № 7332 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Кирилловка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Украин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданының Украин ауылдық округі Кирилловка ауылындағы Ленин көшесінің атауы Абай көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Украин ауылдық округінің әкімі Ж. Мукашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады