Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 47/297 "Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілердің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" шешіміне (2016 жылғы 12 қаңтарда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3525 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің қазақ тіліндегі мәтіні бойынша "селосының" деген сөз "ауылының" деген сөзбен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихаты сессиясының төрайымы, мәслихат хатшысы |
А. Бектасова |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихаты сессиясының төрайымы, мәслихат хатшысы |
А. Бектасова |