Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 26/139 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4658 болып тіркелген);
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 28/150 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4735 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
П. Гольцер |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының хатшысы |
А. Бектасова |