Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 6 мамырдағы № 6/59 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 мамырда № 7404 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және 35-1-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 26/139 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4658 болып тіркелген);

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 28/150 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4735 болып тіркелген).

      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
П. Гольцер
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының хатшысы
А. Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады