Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 10-14/360 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің Бірлік ауылының Ленина көшесінде құтыру ауруы ошағын жою жөніндегі ветеринариялык іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 09 шілдедегі №10"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23762 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Петровка ауылдық округінің әкімі | О. Конкабаев |