Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 09 шілдедегі № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 13 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 қыркүйекте № 24490 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 10-14/360 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің Бірлік ауылының Ленина көшесінде құтыру ауруы ошағын жою жөніндегі ветеринариялык іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 09 шілдедегі №10"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23762 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петровка ауылдық округінің әкімі О. Конкабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады