Шектеу іс шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 шілдеде № 23762 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің 15.09.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 10-14/206 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Құтыру ауруының пайда болуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің Бірлік ауылындағы Ленин көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Петровка ауылдық округінің әкімі О. Конкабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады