Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Жамбыл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 20 наурыздағы № 20/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4637 болып тіркелген);
2) Жамбыл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 30 мамырдағы № 22/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4760 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы | В. Волков |
Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы | Л. Топорова |