Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 15.11.2021 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 5 қазандағы № 01-11/264 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі Бескөл ауылының Киров көшесіне ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округінің әкімі |
К. Дарбаев |