Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 қазандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 453 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 490 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қарашада № 25201 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 8 қарашадағы № 01-11/291 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі Бескөл ауылының Киров көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 қазандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24724 болып тіркелген) № 453 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы Бескөл
ауылдық округінің әкімі
К. Дарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады