Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 13-13/117 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің Минкесер ауылының Целинный көшесінде құтыру ауруы ошағын жою жөніндегі ветеринариялык іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 наурыздағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7208 болып тіркелген) № 15 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің міндеттін атқарушысы |
Д. Сергалиев |