Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 10.08.2021 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 13-13/35 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайловка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Новомихайловка ауылдық округінің Минкесер ауылында Целинный көшесіне құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Новомихайлов ауылдық округінің әкімі | З. Тумабеков |