Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 наурыздағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 15 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2021 жылғы 10 тамыздағы № 38 шешімі. Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24042 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 13-13/117 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің Минкесер ауылының Целинный көшесінде құтыру ауруы ошағын жою жөніндегі ветеринариялык іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 наурыздағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7208 болып тіркелген) № 15 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы
Новомихайлов ауылдық округі
әкімінің міндеттін атқарушысы
Д. Сергалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады