Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 23.12.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының міндетін атқарушысының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 17-08/183 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Мортық ауылының аумағында ірі қара малдың вирустық диарея және жұқпалы ринотрахеит ауруларының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көктерек ауылдық округінің әкімі | К. Дюсембаев |