Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қыркүйекте № 24419 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 23.12.2021 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының міндетін атқарушысының 2021 жылғы 10 тамыздағы № 17-08/183 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Мортық ауылының аумағында ірі қара малдың вирустық диарея және жұқпалы ринотрахеит ауруларының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көктерек ауылдық округінің әкімі К. Дюсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады