Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 17 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 желтоқсанда № 26249 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 17-08/234 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі Мортық ауылының аумағында ірі қара малдың вирустық диарея және жұқпалы ринотрахеит ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24419 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көктерек ауылдық округінің әкімі К. Дюсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады