Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор міндетін атқарушысының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 17-08/250 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің Көбенсай ауылы аумағында, ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Телжан ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 02 қыркүйектегі №16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24293 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Телжан ауылдық округінің әкімі | С. Утигенова |