Шектеу іс-шараларын тоқтату және Телжан ауылдық округ әкімінің 2021 жылдың 02 қыркүйектегі № 16 шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 22 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 желтоқсанда № 25805 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор міндетін атқарушысының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 17-08/250 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Телжан ауылдық округінің Көбенсай ауылы аумағында, ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Телжан ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 02 қыркүйектегі №16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24293 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Телжан ауылдық округінің әкімі С. Утигенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады