Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің 27.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 26 сәуірдегі №21-34/198 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Городецк ауылдық округінде орналасқан Жалтыр ауылының аумағында иттер арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Городецк ауылдық округінің әкімі | Г. Капеева |