Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қазандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 ақпанда № 26720 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 - бабының 8) тармақшасына, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 21-34/588 ұсынысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Құтыру ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларын жұргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округінің Жалтыр ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 10 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24877 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) ресми жарияланғаннан күнінен бастап осы шешімді Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Городецк ауылдық округінің әкімі Г. Капеева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады