Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қазанда № 24877 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Городецк ауылдық округі әкімінің 27.01.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 26 сәуірдегі №21-34/198 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Городецк ауылдық округінде орналасқан Жалтыр ауылының аумағында иттер арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Городецк ауылдық округінің әкімі Г. Капеева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады