Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Юбилейный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Октябрь селолық округі әкімінің "Шал ақын ауданы Октябрь селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" 2010 жылғы 8 қазандағы № 3 шешіміне (2010 жылдың 9 қарашада "Новатор", "Парыз" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-111 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешiмнің мемлекеттік тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Б. Шекенов |