Шал ақын ауданы Октябрь ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 8 қазандағы N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қазанда N 13-14-111 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Юбилейный аулдық округі әкімінің 01.04.2021 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Октябрь ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:

      1. Шал ақын ауданы Октябрь ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін.

      1) Ұзынжар ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Еңбекші;

      екінші көшеге – Абай Құнанбаев атындағы;

      үшінші көшеге – Школьная;

      төртінші көшеге – Жеңіс;

      бесінші көшеге – Первостроительная;

      алтыншы көшеге – Курганская.

      2) Тельманово селосы бойынша:

      бірінші көшеге – Сәкен Сейфуллин атындағы;

      екінші көшеге – Евней Бөкетов атындағы.

      3) Кұртай селосы бойынша:

      бірінші көшеге – Молодежная;

      екінші көшеге – Аққайың;

      үшінші көшеге – Жеңіс.

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округ әкімі С. Ахмадин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады