"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты VIIІ сессиясында ШЕШТІ:
1. Атырау облысы Жылыой ауданының аудандық маңызы бар Құлсары қаласының шекарасы жалпы аумағы 6987,83 гектар және ұзындығы 34524,92 метр болып белгіленсін
2. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысының және Атырау облыстық мәслихатының шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаевқа және Атырау облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы А.Абдоловқа жүктелсін.
3. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | М. Досмухамбетов |
Мәслихат хатшысы | А. Наутиев |