Атырау облысы Жылыой ауданының аудандық маңызы бар Құлсары қаласының шекарасын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 270 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 85-VIІ бірлескен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25715 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты VIIІ сессиясында ШЕШТІ:

      1. Атырау облысы Жылыой ауданының аудандық маңызы бар Құлсары қаласының шекарасы жалпы аумағы 6987,83 гектар және ұзындығы 34524,92 метр болып белгіленсін

      2. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысының және Атырау облыстық мәслихатының шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаевқа және Атырау облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы А.Абдоловқа жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов
      Мәслихат хатшысы А. Наутиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады