Исатай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 маусымдағы № 94-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 83-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 желтоқсанда № 25641 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы № 46-VІII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 05.10.2023 № 46-VІII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ШЕШТІ:

      1. Исатай аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 маусымдағы № 94-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3897 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Исатай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Н. Муханбеталиев

  Исатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 83-VII шешіміне 1-қосымша
  Исатай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 06 маусымдағы
№ 94-VI шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - үлгілік Қағида) 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия - өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Атырау облысы Исатай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмiрдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкiлеттi орган - "Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;

      8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн ауылдық округ әкiмiнiң шешiмімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ, мереке күндерге ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және ай сайын - 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне бір рет - 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және ай сайын - 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және ай сайын - 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және ай сайын - 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және ай сайын - 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.

      2) 9 мамыр - Жеңіс Күні:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне – бір рет 1 000 000 (бір миллион) теңге және ай сайын 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтканда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – бір рет 1 000 000 (бір миллион) теңге және ай сайын 15 000 (он бес) мың теңге мөлшерінде;

      майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер мен мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға – бір рет 60 000 (алпыс мың) теңге және ай сайын – 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - бір рет 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-дағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және ай сайын - 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль АЭС-дағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және ай сайын - 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және ай сайын - 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және ай сайын - 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – бір рет 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін (қызметтік міндеттерді) атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын әрекет етушілердің, осы Заңның 4 - 6 баптарында аталған адамдардың отбасыларына – бір рет 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) – бір рет 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және ай сайын - 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.

      7. Өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) барлық топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және 16 жастан 18 жасқа дейінгі І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедек балаларға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай – бір рет 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекен-жайда тұрақты тіркеуде тұратын азаматтарға (отбасыларға) жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай – бір рет 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

      3) жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген шектен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста – бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтар (отбасы):

      туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      5) Қазақстан Республикасы жоғары немесе орта оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын: бала кезінен мүгедектер, жетімдер, ана-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған жергілікті өкілді органдар белгілеген ең төменгі көнкөріс деңгейінің еселік қатынасы шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған жағдайда оқу ақысының бір рет 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Исатай ауданы бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

3-тарау. Қорытынды ереже

      12. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Исатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 06 желтоқсандағы № 83-VII шешіміне 2-қосымша

Исатай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 150-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2804 болып тіркелген);

      2. "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" 2013 жылғы 04 желтоқсандағы № 151-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2805 болып тіркелген);

      3. "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 151-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2015 жылғы 20 наурыздағы № 251-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3145 болып тіркелген);

      4. "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 04 желтоқсандағы № 151-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 13-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3475 болып тіркелген);

      5. "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 04 желтоқсандағы № 150-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2016 жылғы 11 шілдедегі № 37-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3577 болып тіркелген);

      6. "Исатай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 150-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 51-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3624 болып тіркелген);

      7. "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 294-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 88-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3859 болып тіркелген);

      8. "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 04 желтоқсандағы № 150-V "Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 237-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4390 болып тіркелген);

      9. "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 151-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2020 жылғы 6 мамырдағы № 304-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4651 болып тіркелген);

      10. "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 151-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 363-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4871 болып тіркелген);

      11. "Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 151-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 14 мамырдағы № 36-VІІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4962 болып тіркелген).

О внесение изменения в решение Исатайского районного маслихата от 6 июня 2017 года № 94-VI "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Исатайского районного маслихата Атырауской области от 6 декабря 2021 года № 83-VII. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 декабря 2021 года № 25641. Утратило силу решением Исатайского районного маслихата Атырауской области от 5 октября 2023 года № 46-VІII

      Сноска. Утратило силу решением Исатайского районного маслихата Атырауской области от 05.10.2023 № 46-VІII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Исатайского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 6 июня 2017 года № 94-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3897) следующее изменение:

      приложение 1 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Исатайского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата Н. Муханбеталиев

  Приложение 1
  к решению Исатайского районного маслихата
  от 6 декабря 2021 года № 83-VII
  Приложение
  к решению Исатайского районного маслихата
от 06 июня 2017 года № 94-VI

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее - Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее - Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - уполномоченная организация) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима Исатайского района Атырауской области, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемый республиканским государственным учреждением "Департамент Бюро национальной статистики Агенства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан по Атырауской области";

      4) праздничные дни - дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган - Государственное учреждение "Исатайский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния";

      8) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решением акима сельского округа для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      9) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органам в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

      5. Лицам, указанным в статье 16 Закона "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и подпункте 2) статьи 10, подпункте 2) статьи 11, подпункте 2) статьи 12 и подпункте 2) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

Глава 2. Порядок оказания социальной помощи, определения перечня отдельных категорий нуждающихся получателей и установления размеров социальной помощи

      6. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно и (или) периодически (ежемесячно) в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) День защитника Отечества - 7 мая:

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского флота, Комитета государственной безопасности, лица начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее Союза ССР), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств – единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      военнообязанным, призывавшим на учебные сборы и направлявшиеся в Афганистан в период ведения боевых действий - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге и ежемесячно в размере - 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшиеся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим летнего состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственными договорами и соглашениями по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге и ежемесячно в размере - 10 000 (десять тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге и ежемесячно в размере - 10 000 (десять тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе - единовремено в размере 100 000 (сто тысяч) тенге и ежемесячно в размере - 10 000 (десять тысяч) тенге;

      военнослужащим, ставшим инвалидам вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствия заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      2) День Победы - 9 мая:

      Участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входившим в состав действующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза ССР, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны - единовременно в размере 1 000 000 (один миллион) тенге и ежемесячно в размере - 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      инвалидам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, а также рабочим и служащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов - единовременно в размере 1 000 000 (один миллион) тенге и ежемесячно в размере - 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшие штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившиеся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда" - единовременно в размере - 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге и ежемесячно в размере - 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны - единовременно в размере - 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях - единовременно в размере - 100 000 (сто тысяч) тенге и ежемесячно в размере - 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей - единовременно в размере - 100 000 (сто тысяч) тенге и ежемесячно в размере - 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      ветеранам боевых действий на территории других государств - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) и ежемесячно в размере - 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - единовременно в размере - 100 000 (сто тысяч) и ежемесячно в размере - 10 000 (десять тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны - единовременно в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, партизан, подпольщиков, лиц, указанных в статьях 4-6 настоящего Закона, погибших (пропавших без вести) или умерших в результате ранения, контузии или увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы (служебных обязанностей), или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего инвалида Великой Отечественной войны или лицам, приравненного по льготам к инвалидам Великой Отечественной войны, а также супругам умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак - единовременно в размере 30 000 (тридцать тысяч) тенге;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988-1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии - единовременно в размере 100 000 (сто тысяч) тенге и ежемесячно в размере - 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      7. Социальная помощь оказывается отдельным категориям нуждающихся граждан, оказавшимся в трудной жизненной ситуации единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1) инвалидам всех групп, детям-инвалидам до 16 лет и детям инвалидам І, ІІ, ІІІ группы с 16 до 18 лет, единовременно без учета среднедушевого дохода - в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      2) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара по месту возникновения стихийного бедствия или пожара, без учета среднедушевого дохода - единовременно в размере 500 (пятьсот) месячных расчетных показателей;

      3) гражданам (семьям), среднедушевой доход которых не превышает установленного порога, в кратном отношении к прожиточному минимуму - единовременно в размере 20 (двадцать) месячных расчетных показателей;

      4) лицам (семьям) признанным находящимся в трудной жизненной ситуации, в том числе ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний, представляющих опасность для окружающих:

      лицам, состоящим на диспансерном учете с заболеванием туберкулез без учета среднедушевого дохода - ежемесячно в размере 10 (десять) месячных расчетных показателей.

      5) Студентам высших или средних учебных заведении Республики Казахстан: из числа инвалидов, сирот, детей, оставшим без попечения родителей (родителя), студентам из малообеспеченных семей обучающим по очной форме обучения, при наличии среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами в кратном отношении к прожитичному минимуму, единовременно в размере 50 (пятьдесят) процентов оплаты за обучение.

      8. Порядок оказания социальной помощи основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      9. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      10. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Исатайского района на текущий финансовый год.

      11. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.

Глава 3. Заключительное положение

      12. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение 2 к решению Исатайского районного маслихата от 06 декабря 2021 года № 83-VІI

Перечень утративших силу некоторых решений Исатайского районного маслихата

      1. Решение "Об утверждении перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи" от 4 декабря 2013 года №150-V (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №2804);

      2. Решение "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей" от 04 декабря 2013 года №151-V (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №2805);

      3. Решение "О внесении изменений в решение районного маслихата от 4 декабря 2013 года №151-V "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей" от 20 марта 2015 года №251-V (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №3145);

      4. Решение "О внесении изменения в решение районного маслихата от 04 декабря 2013 года №151-V "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей" от 1 апреля 2016 года №13-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №3475);

      5. Решение "О внесении изменения в решение районного маслихата от 4 декабря 2013 года №150-V "Об утверждении перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи" от 11 июля 2016 года №37-VI (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №3577);

      6. Решение "О внесении дополнения в решение Исатайского районного маслихата от 4 декабря 2013 года №150-V "Об утверждении перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи" от 14 сентября 2016 года №51-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №3624);

      7. Решение "О внесении изменений в решение районного маслихата от 4 декабря 2013 года №151-V "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей" от 27 апреля 2017 года №88-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №3859);

      8. Решение "О внесении дополнений в решение районного маслихата от 04 декабря 2013 года №150-V "Об утверждении перечня категорий получателей и предельных размеров социальной помощи" от 26 апреля 2019 года №237-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4390);

      9. Решение "О внесении изменения в решение районного маслихата от 4 декабря 2013 года №151-V "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей" от 6 мая 2020 года №304-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4651);

      10. Решение "О внесении изменения в решение районного маслихата от 4 декабря 2013 года №151-V "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей" от 30 декабря 2020 года №363-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4871);

      11. Решение "О внесении изменений в решение районного маслихата от 4 декабря 2013 года №151-V "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей" от 14 мая 2021 года №36-VІI (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №4962).