Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 06.12.2021 № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 16 шілдедегі № 135-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2756 санымен тіркелген) сәйкес және әкімдіктің қаулысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Облыс әкімдігімен келісілген алушылардың жекеленген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар ісі және депутат этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихаттың кезекті ХVI-сессиясының төрағасы |
Л. Мутянова |
Аудандық мәслихат хатшысы | Ж. Кадимов |
Исатай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 151-V шешіміне 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсету үшін үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету еселігі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 14.05.2021 № 36-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Атаулы күндер мен мереке күндері | Еселігі |
1 | Отан қорғаушы күні | Жылына бір рет |
2 | Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – Чернобыль АЭС) апаттың зардабын жою күні | Жылына бір рет |
3 | Жеңіс күні | Жылына бір рет |
4 | Қазақстан Республикасының Конституциясы күні | Жылына бір рет |
5 | Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні | Жылына бір рет |
Исатай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 151-V шешіміне 2-қосымша |
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 14.05.2021 № 36-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Аббревиатураны таратып жазу:
КСР- Кеңестік Социалистік Республикалар
АЭС-атом электр станцисы