Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 04 желтоқсандағы № 151-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 13-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 сәуірде № 3475 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 06.12.2021 № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің қаулысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 04 желтоқсандағы № 151-V "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2805 санымен тіркелген, "Нарын-таңы" газетінде 2013 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-қосымшасының:

      8-жолдағы "5 000" деген сан "100 000" деген санымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл, депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ә. Төлебаев) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
І сессиясының төрағасы
Л. Мутянова
      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Муханбеталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады