Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің 24.03.2022 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 11-10/271 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі Сағыз ауылы аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диареясы ауруларының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сағыз ауылдық округінің әкімі | Н. Әбишан |