"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 11-10/55 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі Сағыз ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диарея аурулардың жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 106 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26250 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Сағыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сағыз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Е. Мақсотов |