Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 10.06.2021 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 11-10/58 ұсынысы негізінде Тасшағыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасшағыл ауылының "Жанас" шаруа қожалығының "Нұрмұқан" қыстағының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасында құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қызылқоға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тасшағыл ауылдық округінің әкімі | Г. Изимова |