Шектеу іс-шараларын тоқтату және Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 13 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23118 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабыны сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 11-10/123 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Тасшағыл ауылының "Жанас" шаруа қожалығының "Нұрмұқан" қыстағының аумағында мүйізді ірі қара малдары арасында құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4896 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тасшағыл ауылдық
округінің әкімі
Г. Изимова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады