"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Индер ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2020 жылғы 23 қарашадағы № 226 "Индер ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін (К айм) бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізімінде № 4789 санымен тіркелген, 2020 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
2) 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 235 "Индер ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелу тізімінде № 3962 санымен тіркелген, 2017 жылғы 25 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Г.Ж. Сүйеуоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Қалауи |