Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 26.03.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңына, "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 тіркелген), "Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13326 тіркелген) сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Индер ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм) бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өтеғұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | М. Қалауи |
Аудан әкімі 2020 жылғы 23 қарашасы № 226 қаулысына қосымша |
Индер ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері (К айм)
№ | Орналасқан жері | Аймақ коэффициенті | |
Индербор кенті | |||
1 | к. Д.Қонаев, Тайсойған, Б.Майдыров, К.Қаражанов, Бейбарыс, Бейбітшілік, Шыршалы, К.Қазиев, Көпбаев | 2 | |
2 | Асанқайғы, Нұрқасынов, А.Құнанбаев, Т.Әубәкіров, Шахтер, Қорғантау, С.Сейфуллин, Ақтау, Т.Мұсабаев, Болашақ, Шығыс жене Барлаушы мөлтекаудандары | 2 | |
3 | к. М.Мөңкеұлы, Б.Бозекенов, Қазақстан, М.Өтемісұлы, Ш.Уәлиханов, 3 аумақ, Көктем ықшам ауданы, Құбашев, 1-9 өткелдер,Төленбаев, Қ.Сәтпаев, Б.Нысанбаев, Меңдіғалиев, к. Д.Сұлтанғалиев, Б.Момышұлы, К.Иманғазиев, А.Иманов, Ж.Жабаев, Қ.Тұхфатов, Бектұрғанов, 4 аумақ, Ә.Молдағұлова,М.Мәметова, М.Горький | 2 | |
4 | Бөдене ауылдық округі | 1,9 | |
5 | Жарсуат ауылдық округі | 1,9 | |
6 | Көктоғай ауылдық округі | 1,9 | |
7 | Елтай ауылдық округі | 1,9 | |
8 | Есбол ауылдық округі | 1,9 | |
9 | Өрлік ауылдық округі | 1,9 |