"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Құрманғазы аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 11 маусымдағы № 12-11/149 санды ұсынысына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Теңіз ауылдық округінің Исатай көшесінің аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Теңіз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 15 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4928 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теңіз ауылдық | |
округінің әкімі | А. Баймуханов |