Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 15 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 4928 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 шілдедегі № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округі әкімінің 15.07.2021 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2021 жылғы 01 сәуірдегі № 12-11/63 ұсынысы негізінде, Теңіз ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, округ тұрғындары С. Мулдашевтің және А. Ахметқалиевтың жеке мал қоралары орналасқан Исатай көшесі (түгел көше) аумақтарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құрманғазы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теңіз ауылдық округінің әкімі А. Баймуханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады