"Жер қойнауы жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 274 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 235 "Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5221 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері" қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И.Мырзаливке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
А.Ш. Жетпісбай | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
А.С. Сабитов | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 235 "Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"___________ №_____ қаулысына
Түркістан облысы әкімінің 2021 жылғы "8" қаңтардағы № 2 қаулысына қосымша |
|
Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "15" қазандағы № 235 қаулысына қосымша |
Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері
Есептің бірінші жылы мен үшінші жылы аралығын қоса алған мерзімдегі кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша бір гектар үшін қамтамасыз етудің мөлшері Кодекстің 210 бабының 3 тармағына сәйкес, саф металдарды өндіру жөніндегі операцияларға арналған жыл сайынғы ең төменгі шығыстардың және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жылы кен іздеушілікке арналған лицензияны беруге өтініш берілген жылы қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 % (пайыз) мөлшерінде төмендегі формуламен айқындалады:
Q=3170 х АЕК х 10 %
мұндағы:
Q- кен іздеушілік салдарын жою бойынша бір гектар үшін қамтамасыз ету мөлшері;
3170- саф металдары өндіру жөніндегі операцияларға арналған жыл сайынғы ең төмен шығыстардың еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;
АЕК- республикалық бюджет заңы бойынша қаржылық жылға сәйкес бекітілген айлық есептік көрсеткіш.
%- пайыз белгісі.