Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қазандағы № 235 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 17 қазанда № 5221 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 274 бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.И. Мырзалиевке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Ж.Е. Аманбаев
      М.И. Мырзалиев
      М.Н. Отарбаев
      Е.А. Садыр
      А.Б. Тасыбаев

  Түркістан облысы әкімдігінің
2019 жылғы 15 қазандағы
№ 235 қаулысына қосымша

Бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 08.01.2021 № 2 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Есептің бірінші жылы мен үшінші жылы аралығын қоса алған мерзімдегі кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша бір гектар үшін қамтамасыз етудің мөлшері Кодекстің 210 бабының 3 тармағына сәйкес, саф металдарды өндіру жөніндегі операцияларға арналған жыл сайынғы ең төменгі шығыстардың және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жылы кен іздеушілікке арналған лицензияны беруге өтініш берілген жылы қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 % (пайыз) мөлшерінде төмендегі формуламен айқындалады:

      Q=3170 х АЕК х 10 %

      мұндағы:

      Q- кен іздеушілік салдарын жою бойынша бір гектар үшін қамтамасыз ету мөлшері;

      3170- саф металдары өндіру жөніндегі операцияларға арналған жыл сайынғы ең төмен шығыстардың еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;

      АЕК- республикалық бюджет заңы бойынша қаржылық жылға сәйкес бекітілген айлық есептік көрсеткіш.

      %- пайыз белгісі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады