Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 14.07.2022 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-тармағының 24-6) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу Қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Оңтүстік Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3188 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 258 қаулысымен бекітілген |
Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің (бұдан әрі – психологиялық қызмет) жұмысын реттейді.
2. Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылғы 8 тамыздағы Бала құқықтары туралы Конвенциясы, "Психологиялық және әлеуметтік жұмыс" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18764 болып тіркелген), "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Қағидалар шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Психологиялық қызмет орта білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
4. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттіліктеріне, сондай-ақ педагог-психологтардың штат бірліктерінің санына қарай айқындалады.
5. Психологиялық қызметтің құжаттамасы:
1) осы орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын;
2) білім беру ұйымының басшысы бекіткен психологиялық қызмет жұмысының күнтізбелік жоспарын;
3) осы білім беру ұйымының басшысы бекітетін психологиялық диагностика (бұдан әрі - психодиагностика), психологиялық тренингтер, дамыту және түзету жұмыстары бағдарламаларын;
4) психологиялық сабақтардың, тренингтердің және психологиялық жұмыстың басқа да нысандарының әдістемелік әзірлемелерді;
5) психодиагностикалық әдістемелердің тізбесі және деректер банкін (әдістеменің авторлары мен әзірлеушілеріне міндетті түрде сілтеме жасай отырып);
6) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталары, топтық психологиялық портреттерін (психологиялық-педагогикалық);
7) көпбалалы отбасынан шыққан білім алушыларының және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың (жетім балалардың) дерекқорын;
8) денсаулық сақтау ұйымынан міндетті түрде растау ала отырып, денсаулығына байланысты проблемалары бар балалардың дерекқорын;
9) девиантты мінез-құлықпен және қарым-қатынас қиындықтарымен білім алушылардың деректерқорын;
10) дарынды және үлгерімі төмен балалардың деректерқорын;
11) психологиялық тексеру нәтижелері, қорытындылар мен ұсынымдарды;
12) білім беру ұйымы басшысының мөрімен бекітілген психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін (психодиагностикалық, дамытушылық, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік жұмыстарды, жеке және топтық консультацияларды, психологиялық қызметтерге сұрау салуларды) есепке алуды тіркеу журналын;
13) белгіленген кезеңдердегі (жартыжылдық, жыл) психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептерді қамтиды:
6. Психологиялық қызмет жұмысының қорытындылары жергілікті жерлердегі білім беру органдары бекітетін білім беру ұйымдарының есептік құжаттамасында қамтылады.
2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері
7. Психологиялық қызметтің мақсаты - білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
8. Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) мектепте білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
2) білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне бейімдеу;
3) білім беру процесінің барлық қатысушыларына психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
4) білім алушының әлеуметтік бейімсізденуінің туындау себептерінің алдын алу;
5) әлеуметтік бейімсіздену, аддикциялар мен мінез-құлықтың девиациялары туындауының алдын алу іс-шараларын жоспарлау және жүзеге асыру;
6) негізгі жалпы білім бағдарламаларын игеруде, әлеуметтік бейімдеуде және дамуда қиындықтарға тап болған адамдарды психологиялық ағарту және қолдау.
9. Психологиялық қызмет мынадай функцияларды жүзеге асырады: мектептегі оқыту және тәрбиелеу процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) және білім беру процесінің басқа да қатысушыларына психологиялық көмек көрсету, әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу, ағарту қызметі.
10. Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу функциясы мыналарды қамтиды:
1) оқыту және тәрбиелеу процесінде оқушылардың (тәрбиеленушілердің) психикалық, соматикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметті іске асыру;
2) оқушылардың (тәрбиеленушілердің) құқықтарын Бала құқықтары туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғауға жәрдемдесу;
3) әртүрлі бағдарларда және тағайындауда психологиялық диагностика жүргізу;
4) оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дамыту жұмыс жоспарларын қалыптастыру және іске асыру;
5) білім беру ұйымында инновациялық үрдістерді психологиялық сүйемелдеу бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
6) белгіленген нысанда құжаттаманы жүргізу және оны тек кәсіби қызмет мақсатында пайдалану;
7) оқушылардың жеке тұлғаларына құрмет таныту;
8) жалпыға бірдей жалпы адами және ұлттық құндылықтар жүйесіне бейімдеу.
11. Білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) және білім беру процесінің басқа да қатысушыларына психологиялық көмек көрсету функциясы мыналарды қамтиды:
1) оқушылапдың (тәрбиеленушілердің) жеке тұлғалық дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтау және оларға әртүрлі психологиялық көрсету бойынша шараларды қолдану (психологиялық-түзету, оңалту және кеңес беру);
2) нақты психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуде оқушыларға (тәрбиеленушілерге), ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және педагогикалық ұжымға көмек көрсету;
3) мұғалімдер ұжымын және ата-аналарды (заңды өкілдерін) оқушылардың (тәрбиеленушілердің) тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындыларды шығару;
4) оқушылардың (тәрбиеленушілердің), мұғалімдер мен ата-аналардың (заңды өкілдердің) психологиялық мәдениетін, оның ішінде жыныстық тәрбие мәдениетін қалыптастыру;
5) мектеп қызметкерлерін осы білім беру мекемеің дамуы, әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға бағытталған психологияны практикалық пайдалану мәселелері бойынша мектеп қызметкерлеріне кеңес беру.
12. Әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу функциясы мыналарды қамтиды:
1) мектептің әлеуметтік саласын үйлестіруге жағдай жасау, әлеуметтік бейімсізденудің туындауына жол бермейтін алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру;
2) оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын бағалау рәсімдерін жүзеге асыру;
3) оқушыларпға бейімделу, дағдарысқа дейінгі және дағдарыс кезеңдерінде көмек көрсету бойынша мұғалімдерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне), тәрбиелеушілер мен білім беру ұйымдардың басқа қызметкерлеріне ұсыныстарды әзірлеу;
4) оқушылардың (тәрбиеленушілердің) дамуындағы ауытқулар деңгейін, сондай-ақ әлеуметтік дамуындағы әртүрлі бұзылыстар деңгейін анықтау және оларға психикалық-педагогикалық түзетуді жасау;
5) әлеуметтік және психологиялық қарым-қатынас тренингтерін өткізу; 6) рефлексия, оқушылардың қиындықтарын анықтау және қызметін түзету әдістері мен амалдарын қолдану;
7) оқушылардың психикалық және тұлғалық дамудағы, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан осал және киын өмірлік жағдайға тап болуы ықтимал сәтсіздіктің алдын алу жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру.
13. Ағарту қызмет функциясы мыналарды қамтиды:
1) қойылған мақсаттарға және/немесе нұсқаулар мен талаптарға сәйкес психологиялық материалдарды әзірлеу;
2) оқушыларды оқыту үшін қолайлы ортаны құру;
3) психологиялық ағартуды жүзеге асыру.
14. Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
15. Психологиялық қызметтің жұмысын облыстық деңгейдегі әдістемелік орталық, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім бөлімдері үйлестіреді.
16. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қауымдастығымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.
17. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестіктерімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары мен қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара іс-қимыл жасайды.
18. Педагог-психолог өз қызметінде:
1) лауазымдық міндеттері: оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;
2) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;
3) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік);
4) білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді;
5) әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді;
6) оқытушылар ұжымын, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарын немесе оларды алмастыратын тұлғалардың білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды. Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;
7) инклюзивті білім беру қағидасын дамытады;
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында киберкультура мен кибергигиенаны дамытады;
9) оқушылардың жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде дайындығын дамытуға ықпал етеді;
10) дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;
11) оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуына диагностика жасайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді;
12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады;
13) білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді;
14) педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, педагогикалық консилиум, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады;
15) кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады;
16) буллинг, суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізеді;
17) білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
18) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды;
19) білім беру ұйымдарында барлық білім беру процессіне субъектілердің қатысуымен "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді, оның ішінде отбасылар балалар.
20) білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
19. Білім беру ұйымының педогог-психологының "Психология" мамандығы бойынша жоғары білімі немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білімі болуы тиіс.
20. Үкіметінің Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы, тарифтелген педагогикалық жүктеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес белгіленеді.
21. Педагог-психолог мыналарды қамтамасыз етеді:
1) психологиялық диагностика нәтижелерінің дұрыстығы, пайдаланылған диагностикалық және түзету әдістерінің барабарлығы, ұсынымдар мен тұжырымдардың негізділігі, психологиялық ақпараттың құпиялылығы;
2) психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу және сақтау;
3) кәсіптік психологиялық әдепті сақтау;
4) психологиялық қызметтің жұмысына берілген материалдық-техникалық құралдардың сақталуын.
22. Педагог-психолог әкімшілік бағыты бойынша білім беру ұйымының басшысына, кәсіптік бағыты бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинетінің педагог-психологтардың жұмысын жетекшілік ететін маманға бағынады.
3. Қорытынды ереже
23. Білім беру ұйымының басшысы психологиялық қызметтің жұмысын қамтамасыз етеді.