"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Оңтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 15/194-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4253 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |