"Оңтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 15/194-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/142-VIІ шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25951 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 15/194-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4253 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облыстық
      мәслихатының хатшысы К. Балабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады