Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 02.11.2023 № 8/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1."Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасын бекiту туралы" Ордабасы ауданының мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 58/2 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5520 болып тіркелген, 2020 жылдың 01 сәуірінде Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
7-тармақтың 4 тармақшасындағы 2 абзацтағы "біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сан мен сөз "біржолғы 11 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін" деген сандар мен сөздермен ауыстырылсын.
7-тармақтың 4 тармақшаның 3 абзацтағы "біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сан мен сөз "біржолғы 11 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
15 тармақтың 2 тармақшасы, Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер ұсыну туралы 1- қосымшасы алынып тасталсын.
17 тармақта Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ордабасы ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ордабасы аудандық мәсихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Джумабеков |
Мәслихат хатшысы | Қ. Әбдіхалық |