Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 58/2 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 26 наурызда № 5520 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 8/3 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 02.11.2023 № 8/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына" және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 23.06.2020 № 65/17 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.

      2. Ордабасы ауданының мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4/12 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2016 жылғы 19 шілдеде № 3788 нөмiрiмен және 2016 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. "Ордабасы ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ордабасы ауданының мәсихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Абжалов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Садвахасов

  Ордабасы аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
10 наурыздағы
№ 58/2 шешімімен
бекітілген

Ордабасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы

      1. Осы Ордабасы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Әлеуметтік көмек Ордабасы ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ордабасы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын аудан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

      9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      11) отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді;

      12) отбасының жиынтық табысы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;

      4. Осы қағиданың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде Ордабасы ауданы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңында" және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 23.06.2020 № 65/17 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне ұсынылады:

      1) 8 наурызда "Халықаралық әйелдер күні" - "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 21-23 Наурызда "Наурыз мейрамы" - Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларына, атап айтқанда:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 7 мамыр "Отан қорғаушы күні" - жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер, біржолғы 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне" орай - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерiне біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгердің қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) біржолғы 11 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;

      қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерiне (күйеулерi), біржолғы 11 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 28.04.2020 № 61/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2021 № 5/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмдерімен.

      8. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне"

      1) Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізгендерге – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

      2) Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, партизандары мен астыртын күрес жүргізгендерге, сондай-ақ Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен аэродромдардың құрылыстарында жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әрі зейнетақымен қамсыздандыру бойынша әскери қызметшілерге теңестірілген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің ата-аналарына, қайтадан некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 60 000 теңге;

      4) қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 30 000 теңге;

      5) қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының және басқа себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) нәтижесінде мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 30 000 теңге;

      6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 30 000 теңге мөлшерінде".

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 28.04.2020 № 61/2 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Түркістан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      10. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:

      1) басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) күтім көрсетуге мұқтаж 80 жастан асқан қарт адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мұқтаж мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:

      серуендеуге арналған қоларбаға 55,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бөлмеге арналған қоларбаға 45,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) зейнеткерлер мен мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама үшін, біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) Целиакия – асқазан -ішек жолдарының созылмалы ауруларына шалдыққан мұқтаж азаматтарға, ай сайын 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

      7) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан ауруымен ауыратын мұқтаж азаматтарға, біржолғы 72 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) "Қамқорлық" бағдарламасын іске асыру мақсатында;

      9) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне өмір сапасын жақсартуға, біржолғы 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немесе жұқтырған иммун тапшылығының синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған адамдардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы және адам иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 есе мөлшерінде;

      1. Жергілікті өкілді органдар жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      2. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері айына отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды.

      Әлеуметтік көмек ай сайын немесе 3 айға бір рет төленеді. Әлеуметтік көмектің біржолғы төлемі комиссиямен келісім бойынша жүргізіледі және тек қана әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын сатып алуға және т.б), тұрғын үй сатып алуға және жөндеуге, жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен жетпіс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның тұрғын үйіне зиян келтіруіне байланысты, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.

      11. Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жетпіс пайызынан аспайтын табыстың болуы.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін аудандық мәслихат бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Түркістан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Ордабасы ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжаты;

      2) алынып тасталды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 5/2 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және немесе құжатын ұсынады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 5/2 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22.Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1)өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2)өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық мәслихат белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ордабасы ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      27. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда;

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 5/2 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына 2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20__ ж. "___" _______
____________________
(елді мекен)
1.Өтініш берушінің .А.Ә._________________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы
_____________________________________________________________
3.Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын
жағдай_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі)
_____________________________ адам, оның ішінде:

Рр/с №

Т.А.Ә.

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай

















      Еңбекке жарамды барлығы ____________________________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____________________адам.
Балалардың саны: _________________________________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар
___________________________ адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың,
әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет
тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
________________________________________________________________________________
_ _____________________
5.Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік
тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету
керек):__________________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасының табысы:

Рр/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына



















      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
________________________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны
пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер
(нысаны, сомасы, көзі):
____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
_____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі
________________________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ______________________
________________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ________________________ ________________________
Комиссия мүшелері: ________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым:
_____________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын
__________________________________________________
өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің)
Т.А.Ә. және қолы, күні
__________________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына 3-қосымша

Учаскелік комиссияның 20__ ж. ___ ______№ ______ қорытындысы

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес
өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген
адамның (отбасының)
________________________________________________________________________________
_______ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты) өтінішін және оған қоса берілген
құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық
жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
__________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы) адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың
туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган
қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады