Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 8/3 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 6 қарашада № 6391-13 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің" 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ордабасы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ордабасы ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Б. Джумабеков

  2023 жылғы 2 қарашадағы
№ 8/3 шешіміне 1 -қосымша

Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалары) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ордабасы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ордабасы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Ордабасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган – "Ордабасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері төмендегіше белгіленеді.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;

      2) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

      Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) тұлғаның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесі және мөлшері:

      1) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға әлеуметтік көмек, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе адамның иммун тапшылығы вирусы мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек, ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 есе мөлшерінде;

      3) целиакиямен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек, ай сайын 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) созылмалы бүйрек жетімсіздігімен ауыратын адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек 72 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты әлеуметтік көмек, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) күтім көрсетуге мұқтаж 80 жастан асқан қарт адамдарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдарға санаторлық-курорттық емделуге жолдамалар алу үшін бір жолғы 52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емделуге жолдамалар алу үшін бір жолғы 52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедектігі бар балаларға, ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған аз қамтамасыз етілген тұлғаларға, бір жолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      11) пробация қызметінің есебінде тұрған аз қамтамасыз етілген тұлғаларға, бір жолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде осы қағидада белгіленген азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.

      7. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшері төмендегіше белгіленеді.

      1) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарға біржолғы 435 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарының басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға біржолғы – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға біржолғы – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2)16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқан, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға - 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні:

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне біржолғы 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, біржолғы 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

       1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, біржолғы 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні:

      Оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге, біржолғы 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 26 сәуір – радиациялық авариялар мен апаттардың салдарларын жоюға қатысушылар мен осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алу күні:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, біржолғы 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:

      "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) 31 мамыр – Қазақстан Республикасындағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күні:

      Саяси қуғын-сүргін құрбандарына 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні:

      Ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедектігі бар болған адамдарға, біржолғы 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) 25 Қазан - Республика күні:

      Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, атап айтқанда:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына біржолғы - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына біржолғы - 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 19.02.2024 № 12/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Түркістан облысы әкімдігінің келісімі бойынша біріңғай мөлшерде белгіленеді.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Ордабасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

      3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

      дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

      әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

      жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;

      жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;

      жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      12. Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      13. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттарымен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      14. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда Ордабасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      15. Қажетті құжаттардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда Ордабасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын деректері негізінде қабылдайды.

      16. Ордабасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      17. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      18. Өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Ордабасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Ордабасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      19. Ордабасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      20. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      21. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ордабасы ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      22. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      23. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      24. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды Ордабасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидасына 1-қосымша
  Жергілікті атқарушы
органның басшысына
___________________

Өтініш

      Азамат________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: ______ жылғы "___" ___________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _________________________
Құжаттың сериясы: _____ құжаттың нөмірі:________ кім берген: _______
Берілген күні ____________ жылғы "_____" _________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________
Облыс ________________________________________________________
қала (аудан) ______________________ ауыл ________________________
көше (шағын аудан) ________________ үй _______ пәтер _____________
Банк деректемелері:_____________________________________________
Банктің атауы _________________________________________________
Банк шотының № ______________________________________________
Телефон ___________________________
Маған ___________________әлеуметтік көмекті тағайындауды сұраймын

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

№ р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескерту

1

2

3

4





      Төлемді тағайындау (қайта есептеу) кезінде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өз міндеттемелерін орындауы кезінде қажетті "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

      Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.

      Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардардар етілдім.

      "____" ___________ 20____ жылғы.
____________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы
Құжаттарды қабылдаған:
____________________________________________________________________
(Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі және қолы)
"____" ____________ 20____ жылғы. ________________________

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидасына
2-қосымша

Адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20___ жылғы " " _____________________________________ (елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
2. Тұратын мекен жайы ___________________________________________
3. Өтініш берушінің әлеуметтік көмекке өтініш беруінің себептері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтінішберушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендішараларынақатысуы туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7















      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)

      ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      5. Тұрып жатқан жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй,
қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
____________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына


1

2

3

4

5

6







      6. Мыналардың бар-жоғы: автокөлігі (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйі (оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс)
____________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:
____________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:
___________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: _____________________________ _____________________________
Комиссия мүшелері: _____________________________ _____________________________
_____________________________ _________________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Жасалған актімен таныстым: ___________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ____________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартамын_________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
және қолы ____________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні _______ ______________________

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидасына 3-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

      ____________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      _________________ _______________________

      (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы_________________________________

      ____________________________________________________________________

      ________________________

  шешіміне 2-қосымша

Ордабасы аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 58/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2020 жылғы 26 наурызда № 5520 нөмiрiмен тіркелген);

      2. Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 61/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 58/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2020 жылғы 5 мамырда № 5603 нөмiрiмен тіркелген);

      3. Ордабасы ауданының маслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 65/17 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 58/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2020 жылғы 14 шілдедегі № 5708 нөмiрiмен тіркелген);

      4. Ордабасы аудандық маслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 5/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 наурыздағы № 58/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2021 жылғы 13 мамырда № 6203 нөмiрiмен тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады