"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 21 мамырдағы № 08-02-03/322 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Абай көшесінің № 1, № 1/9, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7 және № 49А тұрғын үйлер аралығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Абай көшесі № 1, № 1/9, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7 және № 49А тұрғын үйлер аралығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 24 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6142 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі | М. Шадиев |