Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 28.06.2021 № 38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 08-02-03/200 ұсынысына сәйкес және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Абай көшесі № 1, № 1/9, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7 және № 49А тұрғын үйлер аралығына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі | М. Шадиев |